«АММА» Ғылыми-Өндірістік кәсіпорны Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — бұл блок-модулдік жабдық өндіруге маманданған компания.
Ең алдымен, АММА компаниясы өз Тапсырыс берушілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, сондықтан біз өз қызметкерлеріміздің, жалпы қоғамның мүдделерін ескеруге талпынамыз, сонымен қатар айнала қоршаған ортаға ұқыпты қараймыз.
Біз өз қызметіміз барысында бір станцияның өндірісі болсын немесе әлдебір нысан үшін технологиялық жабдықтың толық кешенін дайындау болсын, өзіміз қатысатын жобаларды анағұрлым тиімді іске асыру үшін, ғылыми білімді, сондай-ақ практикалық тәжірибені шығармашылық тұрғыдан қолдана білеміз.
Компанияның миссиясы – көмірсутегі өндіру үдерісінің тиімділігі мен мұнайгаз нысандары құрылысын арттыруға ықпал ету.
АММА «Башқұртстан Республикасы Құрылысшылар Одағы» жұмыс берушілердің өзін-өзі реттейтін ұйымының коммерциялық емес әріптестігінің мүшесі болып табылады.
Компанияның қызметі ресейдің жетекші сақтандыру компанияларының бірі тарапынан сақтандырылған.
Біз өнім сапасын, өндіріс технологиясын, үдерістерді басқару әдістерін ұдайы жетілдіріп келеміз. Біз халықаралық стандарттарға сәйкес өнімдер шығаруға талпынып келеміз. КәсіпорындаСапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2008 енгізілген, соған сәйкес бүкіл өнім қатаң техникалық бақылаудан өтеді. Компанияда бүкіл үдерістер айқын реттелген, мұның өзі өнім сапасын тұрақты жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Инновациялық өнімдерге ерекше көңіл бөлінеді. Зияткерлік меншік, патент және тауар белгілері бойынша Федералдық қызметте (Роспатент) тіркелген пайдалы модель — АММА блок-модулдік сорғы станциясы соңғы енгізілімдердің бірі болып табылады.